Полицейдің Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен түскен суретіне қатысты тексеріс басталды
Полицейдің Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен түскен суретіне қатысты тексеріс басталды
131
оқылды
Шымкентте егде жастағы әйелді зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскен полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.  
"Бұл қызметкерге қатысты қызметтік аудит басталды. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады", делінген хабарламада.
  Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының ұсталған адаммен түскен селфи суреті талқыға түсті. Еске сала кетейік, бұған дейін үйдің кіреберісінде әйелді зорламақ болған ер адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.