Көпбалалы отбасылар баспана кілтін алды
Көпбалалы отбасылар баспана кілтін алды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында көпбалалы отбасылар «Нұрлы жер» бағдар­ламасы аясында  жеке баспанаға ие болды.  Аудандағы жаңа үйге қоныс­танушылар саны 8 отбасыға артты. Аудан әкімі К.Байгонусов  барлығына кілт тапсырып, осы атаулы күнмен құттықтады.

– Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде азаматтардың барлық санатын әлеуметтік қолдау бо­йынша бірқатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылады. Ел­басы Н.Назарбаев  және ел Пре­зиденті Қ.Тоқаев тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгін осындай тамаша мереке күні біз маңызды оқиғаны, яғни  жаңа баспаналарды пайдалануға беріп отырмыз, – деп атап өтті К.Бай­гонусов. – Қуанышымызда шек жоқ. Жекеменшік үйіміздің болуын көптен армандап едік. Осындай қуанышты оқиғалар көбейе бер­сін! Мереке қарсаңында жеке­меншік баспана алғанымыз – өте маңызды оқиға. Ол ең алдымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың да­нышпан саясатының арқасы. Еліміздің Пре­зиденті Қ.Тоқаевқа, облыс әкімі Д.Ахметовке және аудан әкі­мі Қ.Байго­нусов­қа үлкен рақ­мет! – дейді бақытты жан­дардың бірі. Барлық үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды. Аудан кәсіп­керлері үйлерді жеке қаражатына салады. Дайын баспананы мем­лекет сатып алады. Келесі жылы ауданда тағы 40 үй тұрғызу жоспарлануда.

Гүл БЕКЗАТ