Ауғанстанның Ariana Afghan Airlines әуе компаниясының ұшағы елдің шығысындағы Газни провинциясында құлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Газни губернаторының өкілі Ариф Нури ұшақтың Дех-Як аймағында құлағанын айтты, – деп хабарлайды 1TV.
Ауғанстанда құлаған ұшақтың бортында 83 адам болған, деп хабарлайды Ariana News ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Tolo News бұл аймақ «Талибан» қозғалысы әскери ұйымның бақылауында екенін айтады. Дереккөз бұл жерге «арнайы күштер» барғанын хабарлаған.
Ariana Afghan Airlines – Ауғанстанның ұлттық авиакомпаниясы, Кабулда кеңсесі бар, ішкі және халықаралық рейстерді орындайды және үкіметтің иелігінде.
Авиакомпания Еуропалық Одақта тыйым салынған тасымалдаушылар тізімінде.
Әзірге басқа мәліметтер берілген жоқ.