37 млн теңге айыппұл төледі
37 млн теңге айыппұл төледі
99
оқылды

10 қарашадан 24 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан қаласының аудандық Сани­тарлық-эпидемиологиялық бақылау бас­қармаларына шектеу және карантиндік іс-шараларды бұзған кәсіпкерлік субъек­тілеріне қатысты 252 шұғыл ескертпе келіп түсті.

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пі­рәлиеваның айтуынша, аталған ескертпелер не­гізінде нысандарда 199 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша кемшіліктерді жоюға қатысты 175 нұсқау беріліп, 37 433 550 теңге сомасына 180 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қазіргі кезде елорданың құқық қорғау орган­дарынан аудандық Санитарлық-эпи­демио­логиялық бақылау басқармаларына карантиндік іс-шараларды бұзу фактілері бойынша материалдар түсіп жатыр. 5 шілдеден бастап 2 422 рапорт келіп, олар бойынша жалпы сомасы 233 502 564 теңгеге 1 200 жеке, лауа­зымды әрі заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Ж.Пірәлиева онлайн брифингте. Атап айтқанда, жалпы 5 шіл­деден бері шектеу талаптарын орындамағаны үшін аудандық бас­қармалар 270 936 114 теңге сомасына 1380 жеке, лауазымды және заңды тұлғаны әкім­шілік жауап­кершілікке тартқан.

Айша ЕРСҰЛТАН