Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді
Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді
193
оқылды

Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді.

YK-news.kz хабарлауынша, азаматқа қатысты материал оны 389-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық балық инспекциясына жіберілді. Тұрғында тасымалданатын жүк үшін тиісті құжаттар болмаған  екен.

«Облыс орталығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында «ГАЗ-3302» көліктегі Өскемен қаласының тұрғынының бір тоннадан астам балық алып келе жатқаны белгілі болды. Тексеру кезінде оның жүк тасымалдауға арналған құжаттары жоқтығы анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Көліктегі балықтың жалпы салмағы 1182 килограмм болды. Ер адамның айтуынша, ол балықты Күршімнен «жеке пайдалануы үшін» сатып алған.