ШҚО-да аязды күні жолда қалған 14 жолаушы құтқарылды
ШҚО-да аязды күні жолда қалған 14 жолаушы құтқарылды
111
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары рейстік шағын автобустың жолаушыларына көмектескен.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түн кезінде Аягөз қаласынан 305 шақырым жердегі «Алматы – Өскемен» тасжолының 805 шақырымында келе жатқан шағын автобус сынып қалған. Рейстік «Газельде» 14 жолаушы болды. Олар бірден «112» қызметіне хабарласқан. «Оқиға орнына келіп жеткен №22 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жолаушыларды Аягөз қаласына жеткізіп, жергілікті спорт мектебіне орналастырды. Ал шағын автобус Аягөзге арнайы техникамен сүйреп апарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.