Алматыда жұмыс кестесін сақтамағаны және адамдардың жаппай жиналуына жол бергені үшін сот бардың қызметін тоқтатты.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтамауына және жасалған ескертулерді елемеуіне байланысты "Артист" ("Bm Trade Company" ЖШС) барының жұмысы тоқтатылды.
Мониторингтік топтар жүргізетін тексеру іс-шараларының нәтижесінде бұрын мекемеде бірнеше рет жұмыс кестесін сақтамау және адамдардың жаппай жиналуына жол беру сияқты бұзушылықтар анықталған. Мониторингтік топ келген кезде "Артист" барында 300-ден 500-ге дейін адам болған.
Соңғы деректер бойынша, Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 мыңнан астам науқас тіркелген, оның ішінде 389-ы өліммен аяқталған.