Қостанай облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Талғат Кайкенов пен Ерлан Дастанұлы Алькенов Рудный қаласының медицина қызметкерлерімен кездесті.
Депутаттыққа үміткерлер ұжымға партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын және партияның жұмыс жоспарын таныстырды. Nur Otan партиясы қызметінің басты басымдықтары және оның құндылықтары әрқашан адам, оның лайықты өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты болып қала беретінін айтты. Сондықтан сайлауалды бағдарламада денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы 5 жылда коронавирустық инфекциямен күресуге бағытталған материалдық-техникалық жабдықтандырумен, дәрі-дәрмек заттарымен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін болады. Сондай-ақ қызметтік тұрғын үй ұсыну немесе жалдамалы тұрғын үйді жалға алу және көтерме жәрдемақы төлеу арқылы облыс әкімінің гранты бойынша оқитын жас мамандарды қайтару есебінен 25-ке жуық дәрігер тартылатын болады. Талғат Кайкенов пен Ерлан Алькенов жиналғандардың бәрін 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және Nur Otan партиясына өз дауысын беруге шақырды.Nur Otan партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.