Пандемия кезеңінде карантинге байланысты халық үйден шықпай, төрт қабырғаға қамалды да қалды. Жүйке жұқарып, күйзеліске түсті. Шектеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Жұрт онлайн қарым-қатынас жасауға көшті. Интернет желісін пайдалану көлемі де артта түсті. Сондықтан өткен жылдың үздік отандық киносын анықтамақ болдық.
[embed]https://youtu.be/tYme1c9lscE[/embed]
Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта адамдар көңіл-күйін көтеру үшін комедиялық контентті көп іздеген. Оған дәлел – киносүйер қауымның Youtube-те отандық комедияны көруі.
[embed]https://youtu.be/TaiYT-QRX80[/embed]
Қазір үздіктер тізімін Нұртас Адамбайдың «Әкім» фильмі бастап тұр.
[embed]https://youtu.be/b6NdO8zQNrM[/embed]
Одан кейінгі орынды Дархан Сәркеновтің «My love is Aisulu» фильмі мен Әлішер Өтевтің «Ва-Банк» комедиясы орнықты.
[embed]https://youtu.be/PfHr0i_qVxo[/embed]
Төртінші орында «Қайрат» атты әзіл сериалы, әсіресе, оның алтыншы бөлімі киносүйер қауымның жүрегінен орын тапқан секілді.
[embed]https://youtu.be/KLRxzlKCnhY[/embed]
Ал тізімді жалғастырған «Не тот аялдама» сериалының бірінші бөлімі мен «Тақиясыз періште» сериалы екен.
[embed]https://youtu.be/IP84vplwUYY[/embed]
«Әпше» фильмі мен «Lovonter» сериалы тізімнің соңына ілінді.