Пандемияға байланысты 2020 жылы «Қазақстан аруы» байқауы кейінге қалдырылған еді. Енді ұйымдастырушылар халықаралық байқауда ел намысын қорғайтын бойжеткеннің есімін атады.
Олардың айтуынша, «Әлем аруы – 2021» байқауына 18 жастағы Камилла Серікбай қатысады. Бүгінде ол Сүлеймен Демирел атындағы университетте құқық мамандығын оқып жатыр. Оның арманы – БҰҰ елшісі болу.
"Әсіресе, осы қиын кезеңде «Қызылорда аруы – 2019» байқауының жеңімпазы, 18 жастағы Камилла Серікбай адалдығымен және өзгеге көмектескісі келетін қасиетімен ерекшеленді. Сондықтан «Қазақстан аруы» байқауының дирекциясы Камиланы «Әлем аруы – 2021» байқауына жіберуге шешім қабылдады. Оның халықаралық сайыста ел намысын лайықты қорғап шығатынына сенімдіміз», - деп жазды «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушылары.