«Қазгидромет» РМК 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының бес облысында дауылды ескерту жариялады.
Алматы облысының солтүстігінде -30 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Кей жерлерде тұман күтілуде. Талдықорғанда түнде -32 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысында қатты аяз -40 градусқа дейін апта бойы сақталады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Түнде 38-40 градус қатты аяз болады. Кей жерлерде тұман күтіледі.