2021 жылдың 9 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
9 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 5383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 283 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.