Құқықтық кеңеске тұрғындардың айтары бар
Құқықтық кеңеске тұрғындардың айтары бар
289
оқылды

Партияның орталық аппаратында Мәжіліс де­путаты Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Nur Otan партиясы жанындағы Құ­қықтық кеңестің отырысы өтті. Онда Кәмелетке тол­ма­ған азаматтар жа­сайтын қылмыстардың ал­дын алу, қылмыстың санын азайтуға бағыттал­ған іс-шаралар, сондай-ақ тұр­мыстық зорлық-зомбы­лық пен жол-көлік оқи­ға­лары­ның про­филактикасы, атал­ған мә­се­лелердің бү­гінгі жай-күйі талқыланды.

Дөңгелек үстелде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қо­жаев баяндама жасап, жиынға қатысушы­лар­дың сауа­лына жауап берді. Ол биылғы жылы кә­мелетке толмағандарға қатыс­ты 2 082 қылмыстық іс тіркелгенін де баса айтты (2018 жылы – 2 050 қылмыстық іс).

Тұрмыстық зорлық-зомбы­лық­тың алдын алу мәселесіне тоқ­талған баяндамашы қатысу­шы­лардың назарын бірінші кезекте халықаралық тәжіри­беге аударды. Мәселен, Канадада по­ли­ция көмегіне жүгінетін тұр­мыс­тық зорлық-зомбылық құрбан­дарына істі сотқа беру міндеттілігі және сотқа дейінгі татуласуға байланысты оны тоқтату мүмкін еместігі туралы ескертіледі екен.

Кеңес отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама жасады. Белгілі болғандай, биыл елімізде 3,5 миллионнан астам түрлі жол ережелерін бұзу оқиғалары тір­кел­ген. Ал мас күйінде көлік тіз­гіндегендердің 24 мың фактісі анықталған. 1 миллионнан астам жүргізуші жылдамдықты асырып, жол жүру ережесін бұзған. Сон­дай-ақ 165 мың жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін сақта­мағаны белгілі болды.

– Іс-шаралардың тиімділігін арттыру және жолдағы өлім-жі­тімді азайту мақсатында ІІМ қа­уіпті учаскелерді визуалды түрде бейнелейтін аймақтық авариялар картасын жасады. Автоматтан­дырылған бейнежазу жүйесі де белсенді енгізіліп жатыр. Қазір елімізде 8 000-нан астам арнайы камера орнатылды. Олар жыл са­йын 2 миллионға жуық жол ере­жесін бұзу фактілерін анықтай­ды, – деді Марат Қожаев.

Іс-шара барысында Мә­жіліс депутаттары Нұрлан Ду­лат­беков, Мұхтар Тінікеев, Гүл­нар Бижа­нова, Балайым Кесе­бае­ва және т.б. сөз сөйлеп, бірқатар маңыз­ды әрі өзекті мәселелер талқыға салынды.