«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді
«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді
382
оқылды

Жабайы аңдардың терісі мен тұлыбының жанында отырған фотоны Алматыдағы кеңсесінде түскен.

Сол фотодағы Қызыл кітапқа енген қар барысының терісі көпшіліктің ашуын келтірді. Бұған қатысты Экология министрлігі тергеу жүргізетінін мәлімдеді.   [caption id="attachment_104843" align="aligncenter" width="960"]қар барысы, арыстан, туризм академиясы, Қайрат Зәкіриянов Фото: Интернеттен алынды[/caption] Қайрат Зәкіриянов Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында фотода барыстың муляжы екенін айтқан.

«Қар барысы – менің туған күніме сыйға тартылған муляж. Әдемі муляж, жұрттың бәріне көрсетемін. Ал оның қасындағы сілеусінді де туған күніме сыйлаған. Бұдан басқа, Африка, Жаңа Зеландия, Австралия және тағы басқа елдерден жеткізілген 20-30 трофей бар», – дейді Қайрат Зәкіриянов.

Ол «арыстанды үш жыл бұрын Оңтүстік Африка Республикасында өзі аулағанын» айтты.

«Лицензия Оңтүстік Африка үкіметінен сатып алынды. Барлығы заңға сәйкес жасалды. Қазақстаннан бір қазақ келіп, оған: арыстанды атып, оны үйіңе алып кет деді деп ойлайсыздар ма? Біреу қолтырауын аулайды, енді бірі жыл құстарын атуға барғанды ​​ұнатады. Ал мен аңды жақсы көремін. Әркімнің өз хоббиі бар», – деді ол.

Ол барлық муляж өзіне емес, академияға тиесілі екенін атап өтті. «Мұның бәрі академияның ақшасына алынады. Директорлар кеңесінің арнайы шешімімен академияны насихаттау, студенттерді, талапкерлерді тарту мақсатында қаражат бөлінеді. Ал мен бұл жағдайда жай орындаушымын. Біз – акционерлік қоғамбыз, мемлекеттік университет емеспіз», – дейді ол.

Зәкіриянов фотодағы тұлыптардың құжаты бар екенін айтқан.

«Нені тексеру керек? Менде барлық лицензия бар. Қару-жарақтың барлығы тіркелген. Қандай да бір ел жайдан жай кіргізіп, заңсыздық жасауға мүмкіндік береді деп ойлайсыз ба? Барлығы заңды. Прокурор келсін, басқа біреу келсін – барлық құжатты көрсетемін», – дейді ол.