Дәрігер COVID-19 кезінде иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты
Дәрігер COVID-19 кезінде иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты
785
оқылды
Коронавируспен ауырған адамдар көбінесе иіс пен дәм сезбей қалғанын айтады. Мұны дәрігерлер коронавирустың сілекей құрамын бұзатынымен, рецепторлардың зақымдалуымен байланыстырады. Невролог дәрігер Александр Будик иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты. Александр Будиктің айтуынша, коронавирус сілекейдің құрамын бұзады, салдарынан дәмдік заттар ыдырайды. Тағы бір себебі, рецепторлар зақымдалады, – деп жазады РИА Новости.
"Иіс пен дәм сезуді қалпына келтіру үшін арнайы жаттығулар жасау керек. Ол үшін күн сайын бірнеше рет әртүрлі иістерді иіскеу қажет. Иіс сезуге қажет мүшелерді белсенді жұмыс істеуге итермелейтін қалампыр, сарымсақ, кардамон, даршын сияқты күшті хош иістерді иіскеу керек. Дәм сезуді осылайша қалпына келтіруге болады", – дейді дәрігер.