156 қазақстандық отбасы анасынан айырылды - Тоқаев
156 қазақстандық отбасы анасынан айырылды - Тоқаев
364
оқылды
2020 жылы 156 қазақстандық отбасы анасынан айырылды. Өлім-жітім көрсеткіші 2,8 есе артты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отрысында айтты.  Пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйесі қатаң сынақтан өтті.
«Денсаулық сақтау саласының жүйелік проблемалары анықталды. Бұл ретте  басқа медициналық қызметтер зардап шекті, бұл халықтың денсаулығына әсер етті. 2020 жылы біз 156 анадан айырылдық, өлім-жітім  көрсеткіші 2,8 есе өсті. Бұл жай сан емес, 156 отбасы үшін орны толмас қаза», — деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша,  жылдан жылға артып бара жатқан аналар өліміне перзентханалардың нашар жабдықталуы себеп болып отыр.
«Үкіметке өңір әкімдерімен бірлесіп, кәсіби қауымдастықтарды тарта отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымдарына түгендеу жүргізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтқан болатын.