Арман Қырықбаев – Nur Otan партиясының хатшысы
Арман Қырықбаев –  Nur Otan партиясының хатшысы
293
оқылды

Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келі­сімімен Арман Қы­рықбаев Nur Otan партия­сының хатшысы болып та­ғайын­далды.

Бұл туралы партия Төра­ғасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев Nur Otan-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мем­лекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы мін­деттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп жазды.

Арман Қырықбаев – Қа­зақ мемлекеттік басқару ака­демиясының, СІМ дипломатия­лық академиясының түлегі. Әр жылдары Nur Otan партия­сында, Мәдениет және ақ­парат министрлігінде, Сырт­қы істер министрлігінде жұ­мыс істеді. Ол сондай-ақ қоғам­дық-саяси жұмыс де­пар­таментінің директоры, Мәде­ниет комитетінің төрағасы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» республикалық басы­лымдары, «Қазақфильм» АҚ, Nur Media ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы және т.б. бірқатар қызметтер атқарды. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып, онда ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау салаларын қадағалады.

Партия хатшысы ретінде Арман Қырықбаев қоғамдық-саяси бағытқа, Қоғамдық сая­­сат институты, Jas Otan Жас­тар қанаты, сарапшылар қауым­дастығымен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарына жауап­ты болды.

Партия Төрағасының Бірін­ші орынбасары Бауыржан Байбек Арман Қырықбаевтың партиядағы, сонымен қатар орталық және жергілікті мем­лекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесінің арқасында, алға қойған мақсаттар мен тап­сырмаларды табысты жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Ал осыған дейін партия хат­шысы қызметін атқарған Ғабидулла Оспанқұлов Үкімет қаулысымен Ақпарат және қо­ғамдық даму вице-министрі бо­лып тағайындалды. Ол жастарды қолдау және азаматтық қоғам­мен өзара байланыс сала­ла­рын қадағалайды. Партия Төрағасының Бірінші орын­басары Ғ.Оспанқұловқа ат­қарған жұмыстары үшін алғы­сын білдіріп, еңбекте табыс тіледі. Оның айтуынша, соңғы 6 ай ішінде партия алаң­да­рында мемлекеттік тілді, ұлт­­тық мәдениетті дамыту, бала­лардың құқығын қорғау мәсе­лелері бойынша көптеген жұмыс атқарылып, өңірлердегі жастармен жұмыс күшейтілді.