Вакцина коронавирустан қаншалықты қорғайды?
Вакцина коронавирустан қаншалықты қорғайды?
302
оқылды
 ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинаға көнетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева  онлайн конференцияда коронавирусқа қарсы вакцинаның қорғайтын әсері неше күнде пайда болатынын айтты. Оның айтуынша, вакциналаудың қорғаушы әсері алғашқы дозаны салғаннан кейін 12-14 күнде пайда болады. Бірақ  толыққанды қорғанысты қамтамасыз ету үшін екінші дозаны салу қажет.
«Жалпы, вакцина салынғаннан кейін екі аптадан соң адамның ағзасында антидене пайда болады. Иммундық жүйе вирусты танып, антиденелерді (белоктарды) туғыза бастайды. Ағза вирусты тани түседі. Мұндайда вирус қайтадан ағзаға түссе, иммундық жүйе оны бірден танып, бірден көзін жояды. Яғни оның көбеюіне, ауру туындатуына жол бермейді. Вакцинаның бір ғана дозасын алған адамның иммунитетіндегі қорғаныс қабілеті ұзаққа бармайды. Сол үшін қорғаныс қабілетін арттыру үшін екінші доза салынады», – деді Нұршай Әзімбаева.