Иммунолог: QazCovid-in уақытында пайдалануға берілмеуі мүмкін
Иммунолог: QazCovid-in уақытында пайдалануға берілмеуі мүмкін
311
оқылды

Қазақстанда Covid-19-ға қарсы вакциналаудың тиімділігі төмендеуі мүмкін. Өйткені бастапқыда қазақстандықтарға Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы егіледі. Тек кейін отандық екпені айналымға кіргізу жоспарланған.

Медицина ғылымдарының докторының пікірінше, вакциналау ерікті түрде өтпеу керек. Себебі, мұндай тәсіл халыққа ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға кедергі келтіреді дейді.

– Вакцина жасау өндірісі бірнеше кезеңнен тұрады. Оны жасағаннан кейін өндіріс сериясын қадағалау керек. Мұның барлығы уақытты талап етеді. Ал бірінші және екінші екпенің арасы – 21 күн. Осы тұста егер бірінші инъекцияға ресейлік «Спутник V» вакцинасын, ал екіншісіне қазақстандық QazCovid-in пайдалансақ, жалпы вакциналаудың тиімділігі жоғары болады деп ойлаймын. Себебі, екеуінің негізгі құрамы әртүрлі. Бұл коронавирусқа қарсы иммунитеттің қалыптасуына жақсы әсер етеді, – дейді иммунолог, медицина ғылымдарының докторы Борис Каральник.