Баянауыл көшелерін су басты (видео)
Баянауыл көшелерін су басты (видео)
248
оқылды

24.kz-тің мәлімдеуінше, үйлерінен шыға алмай қалған тұрғындар редакцияға хабарласып көмек сұраған. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жаз мезгілінде де бірнеше рет қайталанған.

 – Бұл енді бірінші рет емес. Жаздыгүні де бірнеше рет болды. Енді бұл қыстыгүні жалғасып жатыр. Тоқтамаса, мына үйлердің ішіне де су кіріп кетуі мүмкін, – дейді Баянауыл ауданының тұрғыны Нұрбол.

Ал жергілікті коммуналдық сала өкілдері апат салдарының жойылғанын хабарлады. Оқыс жағдайға су тазарту бекетіндегі автоматты құрылғының істен шығуы себеп болыпты. Осының кесірінен таза су сақталатын резервуарлар толып кеткен. [embed]https://youtu.be/Fi87js33yP8[/embed]