Коронавирусқа қарсы екпе алғандарда тұмау белгілері байқалуы мүмкін
Коронавирусқа қарсы екпе алғандарда тұмау белгілері байқалуы мүмкін
156
оқылды

Коронавирус індетіне қарсы вакцина алғандарда 3 күнге дейін тұмау белгілері байқалуы мүмкін.

Дене қызуының көтерілуін немесе бұлшықет ауырсынып, бойдың әлсіздігін байқаған азаматтарға алаңдауға еш себеп жоқ. Қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы Маржан Мырзалы осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина салған орын сәл ісіп кетуі де қалыпты жағдай. Тек аллергияға қарсы препарат қабылдаған жеткілікті. Алайда дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілсе, міндетті түрде дәрігерге хабарласқан жөн. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмас бұрын алкоголь ішуге болмайды. Балалар мен бала емізіп жүрген аналарға екпе салмайды.

– Вакцина – иммунобиологиялық препарат. Қарсы көрсетілімі бар. Ағзаға енгізілгеннен кейін реакция болады. Сол реакцияның ішінде дене қызуы, ісіну қалыпты жағдай. Оны –  ағзаның реакциясы деп түсіну керек, – деді қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы Маржан Мырзалы.