Оралда көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 2 бала құтқарылды
Оралда көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 2 бала құтқарылды
109
оқылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 3 ақпан күні сағат 10.18-де Ақотау көшесі 24/1 мекенжайында болды.  Үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып,  жиһазы мен жеке заттар өртеніп кетті.  Өрт аумағы – 15 шаршы метр.

Оқиға орнында 3 адам құтқарылса, оның екеуі – бала. Ер адам автосатының көмегімен терезеден кіріп, екіуін ажалдан құтқарып қалды. Сондай-ақ 32 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі – бала. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше,  7 және 5 жасар қыз балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Олар  жеңіл дәрежеде газдан уланған.  45 жастағы ер адам да сол ауруханада. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.