41 жастағы шымкенттік пойызда екі млн теңгесін ұмытып кеткен
41 жастағы шымкенттік пойызда екі млн теңгесін ұмытып кеткен
214
оқылды

«Шымкент – Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойызға мінген 41 жастағы жолаушы екі миллион теңгеге жуық ақшасын вагонда ұмытып кетіпті. Бұл жайында 31 арна хабарлады.

Ерболат Әмірханов Қарағандыдағы станциядан шығып, пойыз жүріп кеткен кезде ғана ақша салынған қара сөмкені ұмытып кеткені есіне түскен. Ол вокзалға қайта жеткенше, пойызы жүріп кеткен. Ерболат бірден 102 нөміріне хабарласып, жағдайды айтып берген.

Өтініш түскен бойда теміржол вокзалының сақшылары пойыздың жолсеріктерімен байланысқа шыққан. Пойыз елордадағы «Нұрлы жол» станциясына жеткен кезде вагон қызметкері полиция қызметкерлеріне екі миллион теңгеге жуық ақша бар сөмкені қайтарып берген.

«Қарағанды қаласына жетіп, пойыздан түстік. Сол кезде өзіммен болған қара сөмке ақшасымен вагонда қалдырып кеткенім есіме түсті. Шұғыл әрекеттің арқасында полиция көмегімен сөмкемді қайта таптым», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ерболат Әмірханов.