Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты осындай шектеу енгізілді.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту талабы – елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне де қолданылады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, дипломаттар мен Үкімет қаулысымен шетелге баратын қызметкерлер арнайы тізіммен шекарадан өтуге құқылы.
Сондай-ақ пойызбен жүк тасымалдау процесіне және трансшекаралық құрылыс жұмыстарына қатысушыларға аталған шектеу қойылмайды. Арнайы тізіммен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында таныса аласыздар.