Павлодар облысында қатты жел мектептердің шатырын жұлып әкетті. Зардап шеккендер жоқ.
«Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне сағат 12:00-де шатырдың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында қатты желдің салдарынан Е.Бекмаханов атындағы үш қабатты ЖОББМ ғимаратының 60 шаршы метр шатыры ішінара бұзылды», – дейді ведомствода.
Оқиға орнында 1 қызметкер және 1 техника жұмыс істеді. Сондай-ақ 13 сағат 30 минутта Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында қатты желдің екпіні №3 ЖОББМ екі қабатты ғимаратының шатырын жұлып әкетті.