Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма?
Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма?
247
оқылды

Бүгін қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов елорда іргесіндегі «Қосшы елді мекені қалаға қосыла ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Қосшы ауыл емес, үлкен қала болды. Біз Ақмола облысы әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз. Өткен жылы карантин кезінде Қосшыны блок-посттың ішіне қостық. Неге? Өйткені тұрғындарының басым бөлігі қалада жұмыс істейді, оқиды, ем алады. Бүкіл қызметтің барлығы қалада сіздер үшін ашық, оны ешкім шектемейді. Тап осындай Қосшы секілді қаланың маңайында бірнеше елді мекен бар. Урбанизация жүйесінде агломерация деген бар. Яғни, үлкен қаланың төңірегінде қалашықтар пайда болды. Ол – заңдылық», –  деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, қаланың аумағында 16 тұрғын үй алабы бар. Оларда 300 мыңға жуық адам тұрады, мәселелері де жеткілікті. Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласымен бірге тығыз жұмыс атқарады. Қазір қалаға қосатын ешқандай жоспар жоқ. Себебі бізде қала аумағындағы тұрғын үй алаптарымен айналысатын мәселелер жеткілікті. Өңір-қала болып бірлесе жұмыс атқарыла беретінін айтты.