Көкшетау тұрғыны желідегі жалаңаш суреттері үшін жауапқа тартылады
Көкшетау тұрғыны желідегі жалаңаш суреттері үшін жауапқа тартылады
168
оқылды

Полицейлер жалаңаш суреттерін желіде таратқан Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады. Қыз порнографиялық сипаттағы суреттерді таратумен айналысқан.

Бұл жайында ақпанда Көкшетау полиция бөлімшесіне Света есімді қыздың порнографиялық сипаттағы суреттерді тарату және жарнамалау бойынша сайттардың біріне хабарландыру салғаны туралы ақпарат түскен.

«Аталған факт бойынша 9 ақпанда Antifraud жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер 21 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Қыз өз кінәсін толық мойындады. Былтыр да полиция қызметкерлері оны құқықбұзушылық әрекеті үшін жауапқа тартқан. Алайда бұл сабақ болмаған көрінеді. Сонымен қатар қыз бір жылдан аса уақыт интим сипаттағы қызмет көрсете бастағаны және осылайша өзін түрлі сайттарда жарнамалағаны белгілі болды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жеңілтек қызға қатысты полиция ҚК-нің 311-бабы («порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.