Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен Республикалық комиссия «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізіп, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – ректоры лауазымына Жансейіт Түймебаевты таңдады.
Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1980 ж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген. 2000 ж. – Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген, филология ғылымдарының кандидаты. 1980-1993 жж – Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент. 1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы. 1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбұл қаласындағы Бас консулы. 1999-2004 жж. – ҚР Президенті протоколының жетекшісі. 2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жж. – ҚР Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі. 2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі. 2010 жылдан – Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі. 2016 жылғы 6 қазаннан 2018 жылдың маусымына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2018 жылдың 20 маусымынан – 2019 жылдың 28 ақпанына дейін – Түркістан облысының әкімі. 2019 жылдың 28 ақпанынан – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы.