Ақтау әкімінің орынбасары жауапқа тартылды
Ақтау әкімінің орынбасары жауапқа тартылды
191
оқылды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы Nur Otan партиясының сайтында жазылды.

Ақтауда партияның бақылау комиссиясы қала тұрғындарының жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға қатысты өтініштерін тексерді. Тексеру барысында 183 өткелдің тек 8-і жарықтандырылғаны анықталды.

«Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Е.Ізбергенов пен қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Құбашев тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қала әкімдігіне 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 175 жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыру жұмыстарын аяқтау ұсынылды. Қазір жаяу жүргіншілер өткеліне жарық орнату жұмыстары басталып кетті», –  делінген хабарламада.