Қала тұрғыны досының үйіне қонаққа барып, оның ұялы телефонын ұрлап әкеткен. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Телефонның бағасы – 550 мың теңге. Жәбірленушінің айтуынша, оның назары басқаға аударылғанын ұрлықшы сәтті пайдаланған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тергеу барысында жас жігіт досының телефонын ұрлағанын мойындады. Сондай-ақ ұрлаған телефонды ломбардқа өткізіп үлгергенін айтты.
Қазір жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.