Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, колледждердің лицензияларын қайтару жұмыстары жүрді. Олардың білім беру қызметі толығымен тоқтатылды.
Министрліктің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізу аясында қажет материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Олардың кейбірі талапкерлер қабылдамаған.
– Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжі оқуды аяқтап, лицензияларын өз еркімен қайтарды. Жалпы, барлық жабық колледж студенттерді басқа оқу орындарына ауыстыруды уақытылы қамтамасыз етіп, оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешті, – делінген хабарламада.