Людмила Костюкова 1964 жылы 1 қазанда Қостанай облысы Садчиковка ауылында туған. Оны ата-анасы Иван мен Наталья Кулицкийлер асырап алыпты. Ол бұл жайтты әкесінің өлер алдында ғана біліпті. Енді әйел туған анасы мен жақындарын тапқысы келеді.
Людмиланың сөзінше, анасы оны дүниеге келе салысымен тастап кеткен. Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін. Тіркеу кітапшасында Людмиланы 26 жастағы Александра Клавдий есімді ингуш әйелі босанған деп жазылған.
Асырап алған анасы үш жасында көз жұмған екен. Содан әкесі қайтадан шаңырақ көтерген. Людмиланың екінші анасы сауыншы болған. Есімі – Галя.
"Ол орысша нашар сөйлейтін. Оның төрт жасар тағы бір қызы болды, күйеуін түрмеге отырғызды. Оның отанына оралуы керек болды. Оның басқа амалы болмады. Клавдий - оның тегі болмауы да мүмкін", - дейді Қостанай облысының тұрғыны.