Ләззат Ералиева: Коронавирус белсіздікке әкеледі деген – бос сөз
Ләззат Ералиева: Коронавирус белсіздікке әкеледі деген – бос сөз
168
оқылды

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирустың белсіздікке ұшырататыны туралы әңгіменің негізсіз екенін мәлімдеді.

– Кез келген вакцина қолданысқа енгізілмей тұрып, терең зерттеледі. Мәселен, "Спутник V" вакцинасы қазақстандық екпе секілді репродуктивті функцияға еш әсер етпейді. Егер QazCovid-in вакцинасы туралы айтар болсақ, жалпы мұндай вакцинаның бәрі де 80 жылдан бері пайдаланылып келеді. Осылайша, тұмау немесе басқа да ауруларға қарсы вакциналар белгілі бір дәрежеде жыныстық функцияға әсер етуі мүмкін. Бірақ олар да, коронавирусқа қарсы вакцина да белсіздікке ұшыратпайды, – деді Ләззат Ералиева.