Талдықорғанда алғаш рет тынысы тарылған науқастың мұрнына эндоскопиялық операция жасалды
Талдықорғанда алғаш рет тынысы тарылған науқастың мұрнына эндоскопиялық операция жасалды
365
оқылды
Талдықорғанда алғаш рет тынысы тарылған науқастың мұрнына эндоскопиялық операция жасалды. Бұған дейін мұндай диагноз қойылғандар Алматыдағы медициналық институттарға жіберілетін. Енді олар алысқа сабылмай облыс орталығындағы көп салалы ауруханада емделе алады. Ол үшін мекемеде арнайы ЛОР орталығы ашылды. Оған 60 млн теңгенің арнайы құрылғысы және өзге де керек-жарақтар әкелінді, – деп жазады 24.kz. Бас қаладан шақыртылған жоғары санатты білікті дәрігер енді құлақ, мұрын, көмей ауруларының 12 түріне хирургиялық операция жасайды.
«Ерекшелігі, біріншіден, мұрын кесілмейді. Эндоскопиялық аппарат арқылы малоинвозертир дейді және де үлкен травма болмайды. Дем алысы, тынысы тез орнына келеді. Құлақ операциясы да микрохирургиялық операция болғасын слухоулучающий басқа да операция құлаққа жасалады. Аз травмамен жасалады. Бұл қазіргі деңгейдегі биік операция саналады», – қалалық көп салалы аурухананың директоры Жұмахан Молдақұлов.