БҚО депутаты мүгедектер арбасын алуға көмектесті
БҚО депутаты мүгедектер арбасын алуға көмектесті
356
оқылды
Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, "Арба" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова облыс тұрғынына мүгедектер арбасын сатып алу мәселесін шешуге көмектесті. Бұл жағдайда көмекке жүгінген ер адамда қайталама инсульттан кейін қозғалысы бойынша асқыну пайда болған. Оның айтуынша, ол бірнеше рет тиісті органдарға жүгінген, бірақ одан нәтиже болмаған. Содан кейін ол халық қалаулысына жүгінді. Сондай-ақ, күтпеген жағдайда аяғын сындырған ер адам да депутаттан көмек сұрады. Nur Otan фракциясының мүшесі Гүлмира Батпақұлова мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, мүгедектер арбасы мен балдақ сатып әперді. "Қазіргідей күрделі уақытта адамдарға, әсіресе, қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесу керек. Тұрғындар мүгедектер арбасын алу үшін мүгедектің әлеуметтік құқықтарын қорғауға жүгінеді, бірақ олар бұл мәселені бірден шеше алмайды. Содан кейін  адамдар бізге жүгінеді. Адамдарды басқа түскен қиындығымен жалғыз  қалдырмау өте маңызды", – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Г.Батпақұлова. Айта кетейік, Гүлмира Батпақұлова – қоғам қайраткері. 1995 жылы апаттан кейін ол мүгедектікке ұшыраған және тек мүгедектер арбасының көмегімен қозғалады. 2009 жылы "Арба" тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы" ҚБ ашуға бастамашылық етті. Өткен жылы партия ішіндегі сайлауға қатысып, бүгінгі күні облыстық мәслихаттың депутаты болып отыр, онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты мәселелерге жетекшілік етеді. Гүлмира Асқарқызы қалалық бөлімдермен және басқармалармен бірге арбамен жүретін мүгедектер үшін бірлескен іс-шаралар өткізеді, республикалық жарыстарға паралимпиада спортшыларының қатысуын ұйымдастырады, республикалық фестивальдарға арнап семинарлар, марафондар, мүгедектердің шығармашылық фестивальдарын өткізеді, спорттық балық аулауды ұйымдастырумен табиғатта мәдени демалысты және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады.