Қалыпты өмірге оралуға әлі 7 жыл керек – Досаев
Қалыпты өмірге оралуға әлі 7 жыл керек – Досаев
387
оқылды
Коронавирусқа қарсы вакцинацияның қазіргі қарқыны кезінде қалыпты өмірге оралуға әлі 7 жыл керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
«Коронавирусқа қарсы вакцина егудің басталуына байланысты оптимизмге қарамастан, 2021 жылдың алғашқы айында әлі де жоғары белгісіздік сақталды. Вирустың жаңа штаммының таралуы және бірқатар елдерде вакциналық протекционизмнің күшеюі әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынын тежеуде. Вакцина өндірісі мен бөлінуі біркелкі жүргізілмей отыр. Вакцинация қарқыны бойынша Израиль алдыңғы қатардағы ел болып отыр. Онда халықтың 41,6 пайызы вакцинаның бір және одан да көп дозасын алды», – деді ол.
Оның айтуынша, әлемнің ірі экономикаларында вакцинация деңгейі айтарлықтай төмен. Мәселен, Ұлыбританияда – 20,2, Америка Құрама Штаттарында – 10,9%, Еуроодақта – 2,9 пайыз ғана. Көптеген дамушы елдер әлі вакцина егуді бастаған да жоқ.
«Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша вакцинацияның қазіргі қарқыны кезінде әлем халқының 75 пайызын қамту және қалыпты өмірге қайтару үшін 7 жылдан астам уақыт қажет болады», – деді Ерболат Досаев.