Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Үкімет басшысы көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді.
Премьер-министр Түркістан облысындағы суармалы су тапшылығын жою және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың барысын – Түркістан магистралдық арнасын күрделі жөндеу және оны Сырдария өзенінен толтыру үшін машина арнасын салу, «Қосқорған» және «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, Жетікөл көл жүйесін қайта жөндеу жөніндегі жобалар жұмысының барысын тексерді. Осы жобаларды іске асыру су пайдаланудың жыл сайынғы көлемін 195,4 млн текше метрге арттыруға және АӨК өндіретін өнім көлемін 14 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Түркістан қаласында Үкімет басшысы әуежай аумағының абаттандырылуымен, тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен және қаланың іскерлік орталығының дамуымен, сондай-ақ инвестициялық жобалардың — «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш Президент саябағының, «Ұлы дала елі» орталығының және Б. Саттарханов даңғылындағы желілік саябақтың іске асырылуымен танысты.