Оқиға осыдан екі күн бұрын болыпты. Бұл жайында БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков айтты.
Айтуынша, ол кезде бала үйде жалғыз болған. Негізі отбасында үш бала екен, ол үйдің – тұңғышы. Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың мәлімдеуінше, отбасының тұрмысы жақсы.– Өте ауыр іс. Қазір қайғылы оқиғаның себептері анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Әкімдік тарапынан отбасына барынша көмектесеміз, – деді Марат Тоқжанов.