Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. "Бұл жағдай – бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия" деп санайды Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Ал Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді», – деп жазды Берік Уәли.