Орталық жұмысының мүмкіндіктері баяндалды
Орталық жұмысының мүмкіндіктері баяндалды
281
оқылды

Қарағанды облысына жұ­мыс сапары аясында Мә­жіліс депутаттары, Nur Otan пар­тия­сы фракциясы мү­ше­лері Нұрлан Әбдіров, Нұрлан Ду­лат­бе­ков, Гүлнар Бижа­нова Global Сity көтерме-тарату ор­­­та­лығында болды. Мәжіліс­­мен­дерге орталық жұмы­сы­ның мүмкіндіктері баян­далды.

Көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Қа­зіргі кезде қоймалар, кросс-до­к­тар дайын және сауда павильон­дарындағы жұмыстар да түгесілді.

– Біздің кросс-доктарымызда 164 фурадан сауда жасауға болады, ол үшін қажетті барлық нәрсе бар. Қоймалар жемістер мен көкө­ніс­терді, сондай-ақ ет, балық және сүт өнімдерін арнайы бокстарда сақтауға мүмкіндік береді. Олар­дың температурасы -24 градусқа дейін төмендейді, – дейді Global Сity ЖШС коммерциялық дирек­торы Наиль Мунасипов.

Депутаттар орталықтың құры­лысы тұтынушыға арналған та­уар­лардың қорытынды бағасына қа­лай әсер ететінін сұрады. Наиль Мунасиповтың айтуынша, логис­тиканы оңайлату есебінен баға ша­мамен 15-20%-ға төмендеуі тиіс.


Жаңа орталықта көкөніс, жеміс-жидек, ет-сүт өнімдері са­тылады. Нысанның ашылуы биыл­­ғы жылдың 1 наурызына жос­­парланып отыр.

Жалпы алғанда, Мәжіліс де­путаттары Қарағанды облысында 10 күн өткізді. Олар мектептерде, колледждерде және кәсіпорын­дарда болып, жұмыс ұжымда­ры­мен кездесіп, заңнамаға енгізілген жаңалықтарды түсіндірді.

– Сапар барысында бірнеше нысанды аралап, кәсіпорын қыз­меткерлерімен кездестік. Тұр­ғындардың да сұрақтарына жауап бердік. Олардың көпшілігі негі­зінен мемлекеттік сатып алу, тұр­ғын үй-коммуналдық сала, зей­нетақы заңнамасы, денсаулық сақ­тау жүйесіне қатысты болды. Әри­не, біз осы мәселенің бар­лығын Үкіметке қарауға жеткіз­е­міз. Барлық азаматтың көке­йін­дегі мәселелерін қарастырып, ешкімді назардан тыс қалдырмауға тырысамыз, – деді депутат Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін делегация Қара­ғанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбековпен кездескен. Олар өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.