Қоржынымызда қос алтын
Қоржынымызда қос алтын
221
оқылды

Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің ІІІ қысқы Олимпиадасы нақ қызған шағында. Байрақты бәсекеде өз елінің атын танытуды мақсат тұтқан спортшылар жарыс жолында барын салуда. Әзірге жарыс қожайындарының қарқыны мықты.

Олимпиадаға 14 спорт түрінен әлемнің 70 елінен келген1872 спортшы қатысып жатыр. Бұл жасөспірімдер арасында өтетін қысқы Олимпиададағы рекордтық көрсеткіш есебінде тіркелді. Алғаш рет 2012 жылы Инсбуркте өткен Олимпиада ойындарында 1059 спортшы бақ сынаған болатын. Ал 2016 жылы Лиллехаммерде алауы жанған төртжылдықтың дүбірлі додасында 1100 атлет жарыс жолына шыққан.


201736_88a88bf0fbf4237a553024b7df145690.jpg

Олимпиада ойындарына жалпы саны 79 ұлттық олимпиадалық комитет қатысады. Төртжылдық додасын ұйымдастырушы мемлекет – Швейцариядан ең көп делегация жасақталды. Швейцариялықтар 112 спортшысын жарысқа қосты,ал Ресей намысын 107 спортшы қорғайды, АҚШ сапынан 96 спортшы жүлдеге таласып жатыр.Қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 26 лицензия жеңіп алғанын бірі білсе ендібірі біле бермейді. Жарысқа тек 15-18 жас аралығындағы спортшылар ғана қатысады. Төрткүл әлем көз тіккен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 16 түрінен 81 жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.


1578599562.jpg

Айта кетейік, дүбірлі дода басталар тұста Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спортшыларды жасөспірімдер арасындағы үшінші қысқы Олимпиада ойындарына шығарып салған болатын.

Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасында биатлоннан аралас эстафета бәсекесі аяқталды. Аталған спорт түрі бойынша жарысқа Қазақстан сапынан Вадим Куралес пен Ульяна Ардалинова қатысты. Нәтижесінде, отандастарымыз үздік ондыққа ілінді. Нақтылап айтқанда, Қазақстан 30 ел ішінде сегізінші орынға жайғасты.

Шаңғымен жарыста Қазақстан командасының атынан Дидар Қасенов, Ілияс Исабек, Айша Рақышева және Валерия Батченколар сынға түсті. Өкінішке қарай, отандастарамыз жүлдеге іліне алмады.


1578636437.jpg

Конькимен жүгіру спортынан 500 метр қашықтықтағы бәсекелер де аяқталды.Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар үздіктерқатарынан көрінбеді. Алина Дауранова 13-орынды місе тұтса, Дарья Гаврилова жарысты 25-орынмен аяқтады. Ерлер арасындағы жарыста Евгений Кошкин 21-орынға, Ақжол Нұралы 26-орынға жайғасты.


1578603167.jpg

Әзірге қоржынымызда 2 алтын медаль бар. Қос алтынды да Анастасия Городко еншіледі. Ол жарыстың бірінші және екінші күнінде параллельді могулдансынға түсті. Жарыс кезінде қарсыластарының бәрін басып озып, жеңімпаз атанды. Соның арқасында спортшымыз жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Еске сала кетейік, жарыстың бірінші кезеңі 9-15 қаңтар аралығы арасында өтсе, екінші кезең 16 қаңтарда басталып, 22 қаңтарға дейін жалғасады.