Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам далада үсіп өлді. Бұл жайында Қарағанды облыстық ТЖД-і хабарлады.
26 ақпанда Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адамның жоғалғаны туралы хабар түскен. Ол 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған.
Ақпарат бойынша, сол күні сағат шамамен 17.15-те жоғалған ер адамның денесі қыстаудан бес шақырым жерде табылды.
Қарағанды облысының ТЖД өкілдері тұрғындардан ауа райы нашарлағанда елдімекендерден алыс жаққа жаяу шықпауды және жол жүрмеуді сұрайды.