Орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін сәуір айының ортасында өткізуі мүмкін. Бұл жайында Sports.kz сайты мәлімдеді.
Бұған дейін Даниярдың промоутері Эдди Хирн қазақстандық үшін сәуірде Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) — Лиам Уильямс (23-2-1, 18 KO) бокс кешінің андеркартында жекпе-жек ұйымдастыру жоспары туралы айтқан. Енді Matchroom Boxing басшысы алда өтетін шоудың нақты уақытын айтты. Ол – 17 сәуір. Бокс кеші АҚШ-тың Род-Айленд штатының Провиденс қаласында ұйымдастырылмақ.
Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. Хирннің айтуынша, артық төлем жасауға тура келсе де, олар Елеусінов үшін мықты қарсылас табуға тырысады.