Төлем 24 ақпаннан басталды. Бірінші күннің өзінде 7,6 млрд теңге төленді. Бұл дегеніміз – Қазақстан бойынша берешек соманың үштен бірі өтелді.
Өтініш білдіргендердің басым көпшілігі AsiaCredit Bank филиалдары орналасқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент және Түркістан қалаларынан түскен.
Төлем 2022 жылдың 1 мамырға дейін жалғасады. Сондықтан AsiaCredit Bank салымшының бәрі өз өтемін алатынын ескертті.