Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша тағы да «қызыл аймаққа» енді.
Өткен тәулікте қауіпті вирус 791 адамнан анықталды. Аймақтар бойынша ең көп Алматы қаласында – 99 дерек, Нұр-Сұлтанда – 92, Ал Павлодар облысында 80 жағдай. Сонымен қатар өткен тәулікте 590 науқас қауіпті вирустан жазылып шыққан.Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары» ал, өзге өңірлер «жасыл аймақта».