Теміртаулық Жанна Бакенова бір аяғының жоғына қарамастан үйдің жөндеу жұмыстарын жасап, күнелтіп жүр. Ол аяғынан 2018 жылы айрылған. Міне, содан бері ұл-қызын өзі асырап келеді.
[embed]https://youtu.be/Hu-63LFuzVU[/embed]
Айтуынша, бір аяғының болмағандығынан оны еш жер жұмысқа алмайды екен.
«Такси тұрағына диспетчер ретінде де жұмысқа алмады. Оның үстіне, бір балам сырқат. Ондай адам кімге керек», – дейді Жанна Бакенова.
Балалар үйінде өскен келіншек ауруханаға 2010 жылы түсіпті. Жаяу жүргінші жолағынан өте бергенде оны автобус қағып кеткен. Салдарынан бас-ми жарақатын алып, аяғы сынған. Ақырында 2018 жылы дәрігерлер бір аяғын кесіп тастаған.
– Тоқыманы бірінші сыныптан бастап тоқимын. Соның арқасында арасында тиын-тебен тауып қаламыз. Бір қолғапты – 1500 теңге, нәскиді 1000 теңгеге сатамын. Тапқан табыстың басым бөлігі жіпке кетеді, түсетін пайда аз. Бағасын тағы көтере алмаймын. Әйтпесе, өтпей қалады ғой. Сондықтан аз-маз ақша жинап алуым керек. Тапсырыс берушілер көбейсе, өз ісімді ашып алар едім, – дейді ол.