Оралда тұрғын үйде газдан уланған ер адамның мәйіті табылды. Бұл жайында БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға 26 ақпан күні Меловые горки кентінде болды. Сағат 03.10-да 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Диагнозы: көмірқышқыл газына улану. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді», - деді ведомстводан.