Ақтауда әйел қауымының барлығы Халықаралық әйелдер күнінде автобуспен тегін жүре алады.
«ИнАктау» басылымының хабарлауынша, бұл мерекелік акция қалада алғаш рет өткізіліп отыр.«Әйелдер үшін № 2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 автобус бағыты тегін болады. Келе жатқан көктем мерекесі құтты болсын», - деді Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.