Токио Олимпиадасын ұйымдастырушылар шетелдік жанкүйерлердің ойындарға келуіне тыйым салады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
- Қазір Жапония шетелдіктердің елге кіруіне жол бермейді. Жағдай жақсарған кезде оларға рұқсат етіледі. Менің ойымша, жағдай тез жақсарып, біз оларды қабылдай аламыз, - деді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто.
Токио Олимпиадасы 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Ойындар 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.