Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады
Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады
160
оқылды

Тедди есімді қыз ажалдан аман қалған. Бұл жайында Teesside Live жариялады. Оқиға Англияның Редкар (Солтүстік Йорк-шир) қаласында болыпты.

Сәбиінің көгеріп, қол-аяғы мұздап қалғанын анасы Зои Пикнет байқаған. "Суықтаған болар" деп ол нәрестесін бірден ауруханаға апарыпты. Бірақ дәрігерлер баланың жағдайы дұрыс деп үйіне қайтарып жіберген.

Алайда бірнеше күннен кейін бала қайта әлсіреп, аузына дәм алмай қойған. Содан Зои отбасылық дәрігеріне хабарласқан,  ол үйіне дәрігерлер бригадасын жіберген. Олар да баланы тексеріп, ештеңе таппаған. Денсаулығында кінәрат жоқ дегенге сенбеген ана нәрестесін көрсетпеген жері қалмады. Ақыр аяғында дәрігерлер оны жан сақтау бөліміне жатқызып, сәбидің сол жағы  тартылып қалғанын анықтайды.

Дәрігерлер анасының сәбиін дер уақытында әкелгенін айтып отыр. Бір сағатқа кешіккенінде оны құтқара алмас еді. Өйткені сәби инсульт алған. Оның бұл күйге түскеніне бір айдай болыпты.

– Бәрі ұшықтың кесірінен болған. Ұшық шыққан таныстарымның бірі баламның бетінен сүйген екен. Содан ушығып кетті. Үлкендер ұшықтанса да жүре береді ғой. Ал ол кішкентай балаларға ауыр тиеді екен. Кейбірінің ыстығы көтеріліп, демі жетпей, сал болып қалады екен. Мұндай жағдайды дұшпаныма  да тілемеймін, – дейді анасы.